Белгілі қазақ жазушысы, драматургы Серік Асылбекұлының пьесалары 1990 жылдардан бері Қазақ және Қырғыз академиялық драма театрларының сахналарында табыспен қойылып келеді. Оның Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Күзгі романс» атты туындысына 2005 жылы Қазақстан республикалық конкурсында бас жүлде берілген. Бұл өмірде адамдар нені көксейді? Әрине, әркім ең алдымен тіршіліктен өз бақытын іздесе керек. Ал бақыт дегеніміз не өзі? Жұмыр басты пенде шіркін оған қайткенде қол жеткізбек? Әлде біздің бәріміз мына күнаhар тіршіліктен табиғатта мүлде жоқ нәрсені, ешқашан қолға түспейтін құр сағымды қуалап босқа арамтер болып жүрміз бе? Міне, «Күзгі романстың» кейіпкерлері осы жұмбақтың шешімін іздеп, басын тауға да, тасқа да ұрады.
PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.