Бақытты әкенің 21 құпиясы
Бақытты әкенің 21 құпиясы Бір қарағанда, бір уақытта табысты ер, бақытты әке және жар болу айтарлықтай күрделі міндет емес сияқты көрінеді! Бұл кітапта отбасылық өмірдің барлық кезеңінде бақыт пен шаттыққа кенелуге арналған лайфхактар келтірілген. Сонымен қатар бұл жерден әр әкеге өзі қалағандай өмір сүруге көмектесетін, өмірлік жағдаяттар негізінде мысал келтіріп, түсініктеме берген лайф-коучтың кеңесін таба аласыз. Автор ұсынған үй тапсырмаларын орындай отырып, отбасылық міндеттер мен мәселелердің 90%-ын шешуді түсінесіз, күйгелектік, мазасыздық пен үрейдің байыбына жетесіз және отбасылық бақытқа жетелейтін жолыңыз айқындала түседі. Кітап қалыптасқан отбасыларға да, жас әкелерге де өте пайдалы. Автордың тәжірибесінен алынған бағалы кеңестер мен ұсыныстар Әкеге өмірін үйлесім мен тепе- теңдікте өткеруге жарқын жол көрсетеді. Өміріңізге береке әкелетін кітапқа зер салыңыз.









