bannerbannerbanner
полная версияБақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Нарша Булгакбаев
Бақытты болуды үйреніңіз! 2 Бөлім

Қандай да бір проблемаларды шеше отырып жəне барған сайын күрделі жобаларды қолға ала отырып, сіздің мақсаттарыңыздың дамитынын түсінуіңіз керек. Бізді өлі нүктеден, орнымыздан қозғалуға екі-ақ қана себеп болуы мүмкін: бір нəрсе алу (пайда табу) немесе бір нəрсені жоғалтпау. Мүмкін болатын пайданы нақты елестете отырып, сіз қажетті шығынды төлеуге дайын боласыз. Сәтті адамдар мен жеңілгендер арасындағы басты айырмашылық – пайдалы мақсат қоюда. Пайданы түсіну, жоспарланған нəтижеге қол жеткізуге деген ұмтылысты күшейтеді, сондықтан уақытты жоғалтпаңыз жəне болашақта осы немесе басқа бастамаға өзіңізге не уəде ететініңізді алдын ала ойланыңыз. Мақсатты жүзеге асыру кезінде алынған пайда оның пайдасын одан сайын көбейтеді, себебі адам мақсатын жүзеге асыруға одан сайын шабыттана кірісе бастайды. Егер сіздің мақсатыңызда ықтимал пайда болмаса, онда бұл мақсат емес. Қойылған мақсаттарды жүзеге асырумен байланысты нақты пайда көрсетілмеген жазбаша жоспарда ең маңыздысы – іс-əрекетке ынталандыру жетіспейді. Ешқандай пайдасы жоқ əрекеттің керегі жоқ. Егер сіз өзіңіз қалаған нəрсені нақты тұжырымдасаңыз, нақты нәтежиесін – көрмей тұрып сенсеңіз, өмірдегі кез-келген проблеманы шешуге болады.

КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ

Өзіңізге нақты мақсат қойғаннан кейін, оны жүзеге асырудың мүмкін еместігі туралы ой дереу пайда болады. «Мен мұны қалай жасау керектігін білмеймін. Мен не болатынын білмеймін. Мен өзімді дəрменсіз сезінемін. Маған кім көмектеседі? Мен оған ақша қайдан табамын? Егер ештеңе шықпаса ше? Кенеттен мен сəтсіздікке ұшырап қалсам ше?» – бейсана сізді ықтимал шығындардан қорғауға тырысады. Әрекетсіз әрекет жасау туралы шешім қабылдағаннан кейін сіз бірден «дұрыс емес, мүмкін емес» туралы ойлана бастайсыз. Сіз барлық қорқыныш пен күмəнді жоюыңыз керек. Егер сіз ақылыңызды жинақтап, өз мақсатыңызға күмәнданбай, қорықпай, барлық жағымсыз көңіл-күйді жеңсеңіз, кедергілер өзінен-өзі жоғала бастайды. Есіңізде болсын, кез-келген тапсырманы сəтті орындау – ішкі жағдайдың өзгеруінен басталады. Осыдан кейін ғана нақты əрекеттерді бастауға болады. Басқаша айтқанда, бірінші қадамды жасамас бұрын, сіз өзіңіз қалаған нəрсені алғаныңызға сенуіңіз керек. Себебі адам сенгенін көреді. Бейсана біздің дүниетанымымыздан тыс, тым көп мақсаттарды қабылдаудан бас тартады, сондықтан қол жетпейтін болып көрінеді. Мақсатты нақты, анық ету үшін, болуы мүмкін кедергілер мен қиындықтарды мұқият анықтау керек. Өзіңізден: «Қандай жағдайлар маған осы мақсатты жүзеге асыру жолында кедергі келтіруі мүмкін?» Бұл сізге қалаған нəрсені алу жолында нені жеңу, жою керектігін түсінуге көмектеседі. Бұл кедергілердің кейбіреулері оңай болады, кейбіреулері қиынырақ болады.

Көптеген адамдар жағымсыз сезімдерге назар аударудың қажеті жоқ деп сеніп, қиындықтар туралы ойламауды жөн көреді, бірақ сіз өзіңіздің жолыңызда кім немесе не болатынын білмей, түпкі мақсатқа жете алмайтындығыңызды түсінуіңіз керек. Сондықтан отырыңыз жəне «қашпаңыз және шайқасыңыз», ештеңені жіберіп алмауға тырысып, ықтимал кедергілердің толық тізімін жасаңыз. Сіздің қатысуыңызсыз, Құдай құдіретімен, кейбір кедергілер өздігінен жойылуы мүмкін. Алайда болуы мүмкін қиындықтар туралы ойламау қателік болады. Сіз бəрін алдын-ала болжай алмайсыз, кедергілер мен қиындықтарға қаншалықты жақсы дайындалсаңыз, белгісізді жеңу оңайырақ болады. Мүмкін қиындықтар туралы ойлар сізді аздап ренжітуі мүмкін жəне сіздің ынта-жігеріңіз біршама төмендеуі мүмкін. Сіз оларды жеңу үшін қанша күш салу, уақыт жұмсау керектігі туралы ойлана бастайсыз. Бұл жағдайда бір минутқа тоқтап, мақсатыңыздың пайдасы туралы ойланыңыз. Оларды алу жолындағы ықтимал кедергілерден асып кетпейінше, оларды қайта-қайта қайталай беріңіз.

Сіздің дұға-тілектеріңіз бен ұмтылыстарыңыз оларды жүзеге асырудағы мүмкін қиындықтардан əлдеқайда маңызды деп ойлаңыз. Есіңізде болсын, кез-келген уақытта сіз жоспардың орындалуын тоқтата аласыз немесе жалғастыра аласыз. Демек, қайтадан ойланып жаңадан бастауға болады. Бірақ қазіргі уақытта сіз үшін ең бастысы – бастау! Түпкілікті мақсатқа қатты қадалмай, жай ғана келесі қадамға ой жинақтаңыз. Бір міндетті бірінен соң бірін орындай беріңіз. Егер сізді теріс ой жеңе бастаса, қанша еңбек күтіп тұрғанынан шошымай, керісінше қуаныңыз. Ауыр жүкті көтере біліңіз жəне берілмеңіз. Мақсатыңызды үнемі есте сақтаңыз, бірақ қазіргі кездегі ең маңызды тапсырмаға назар аударуға тырысыңыз. Қадам – бұл мақсатқа жетудің ең маңызды қағидасы. Олардың ең үлкендері де кезең-кезеңмен жетуді қажет етеді. Сіз кедергілерді жеңудің жолын жəне төлеуге тура келетін шығынды нақты елестете аласыз. Кез – келген проблеманың шешімі бар жəне ол міндетті түрде табылады, өйткені барлық жауаптар біздің миымызда. Сыртқы факторлардан шешім іздеудің қажеті жоқ. Мұны түсінгеннен кейін, белгісіз Шексіз Күш-Қуат (Құдай) сізді дұрыс адамға, дұрыс жерге, дұрыс кітапқа немесе кедергілерді жеңуге көмектесетін жағдайға апарады. Өзіңізге қайталаңыз: «Мен əрқашан білуім керек нəрсені білемін». Сіз не жəне қалай істеу керектігін білесіз, өйткені сіздің жоғарғы «Мен», сіздің ішкі бағыттаушыңыз Жоғарғы Сана (Құдай) сəттілікке жету жолындағы əр қадамды көрсетеді. Сізден тек ашық, сезімтал, адал болып, өз сұрақтарыңызға жауап беру қажет. Осының арқасында сіз проблемаларды кедергі ретінде қарастыруды доғарасыз, өйткені сіз кез-келген қиындықтан жоғары жəне күшті екеніңізді білесіз. Мазмұндалған қағазға барлық сəттерді – дұға-тілектер, қабілеттер (сала, мамандық бойынша), мүмкіндіктер, пайда, қиындықтар жəне шешімдерді жазыңыз. Қуатты күштің келу құлшынысын сезініңіз. Сонымен қатар, сіз өзіңіздің шексіз қабілеттеріңізге, мүмкіндіктеріңізге байланысты барлық шектеулі түсініктерді өзіңіз ойлап тапқаныңызды түсінесіз.

НЕЛІКТЕН БҰЛ КӨМЕКТЕСЕДІ

Көптеген адамдар барлық артықшылықтарды, қиындықтарды, шешімдерді жəне олардың бағасын, ерікті түрде бағалай алмауына байланысты мақсат қою процесін жеңілдете алмайды. Неге? Егер алдыңғы тақырыпта жазылған қадамдардың əрқайсысын мұқият жасасаңыз, онда дұрыс курстан бас тартпаңыз. Соңғы мақсатқа жету үшін қажет көптеген пайдалы ақпараттар сізді шатастырмайды. Сіз жеке тапсырмаларға назар аудара аласыз, олардың кезең-кезеңімен орындалуы түпкілікті нəтижеге əкеледі. Мақсаттарды сəтті жүзеге асырудың басты факторы – оң кері байланыс. Онсыз сіз өзіңізге қажетті ынта мен тиісті мотивацияны сақтай алмайсыз. Барлық жетістіктеріңізді, соның ішінде кедергілерді қағазға түсіруді ұмытпаңыз. Осы мақсатта арнайы дəптер немесе ноутбук алыңыз жəне жазбаларды мүмкіндігінше жиі оқып шығыңыз. Тізімді үнемі толықтыруды ұмытпаңыз. Əр күні оған қарап, сіз өзіңіз қалаған нəрсеге қол жеткізу қабілетіңізге деген сенімділікті нығайтасыз. Бір қарағанда, мұның бəрі артық жұмысты қосатын сияқты көрінуі мүмкін. Алайда мен сізге шынымен қалағандай өмір сүру, қалаған нəрсені алу жоспар жасаудан əлдеқайда қиын екенін айтуым керек. Бұл процестің қарапайымдылығы сізді алаңдатпасын жəне оның маңыздылығын бағалаңыз, əйтпесе сіз өзіңіздің əлеуетіңізді жүзеге асыру мүмкіндігінен айырыласыз. Өз сценарийіңізді жазу жəне оны іс жүзінде ойнау – бұл өте пайдалы əдет, оның жемісін өмір бойы жинайсыз.

6. Миды дұрыс программалау

Ойлауды бағдарламалауды үйреніңіз жəне сəтті өмірдің кілтін алыңыз. Біздің шындық туралы көптеген ойларымыз мүлдем кездейсоқ, көбісі іс жүзінде тексерілмеген, дегенмен біз бүкіл өмірімізді өзіміз сенетін нəрсеге негіздейміз. Бала кезімізден біз қоршаған əлемнің құрылымы туралы ақпаратты жинай жəне игере бастаймыз. Бірақ проблема мынада, бұл ақпарат кейде объективті (әділ) шындық пен ақиқат емес, жай ғана біздің шындықтың нұсқасы. Эмоция арқылы біз қабылдаған барлық ақпарат сенім жүйесінің сүзгісінен өтеді. Біз өзіміз көріп, еститін ақпараттарды бағдарламалаймыз жəне осы ақпараттан біздің шындық нұсқасы (ақиқат/жалған) қалыптасады. Ақылмен біз шын мəнінде өтірік тәжірибе мен рас тәжірибе арасындағы айырмашылықты түсінеміз, бірақ бейсана біз шынымен осы тəжірибені бастан өткеретінімізге мəн бермейді. Тірі ма, виртуалды ма, шын ба, өтірік па, ақиқат па, жалған ба Бейсана оны айыра алмайды. Басқаша айтқанда ақыл реалды өмір мен қиялдың арасындағы сызықты сезінеді, ал бейсана сезіне алмайды және оның шындық ретінде қабылдаған ақпараттың барлығына біз сенеміз. Егер біздің барлық ой-пікірлеріміз, наным-сенімдеріміз жəне үміттеріміз біздің қиялымызда айқын көрсететін тəжірибе негізінде қалыптасса, онда сіз дүниетанымды дəл солай өзгерте аласыз деп болжау қисынды. Бұндай мүмкіндікті миды дұрыс программалау дейді.

ПАЙДАЛЫ ЖƏНЕ ПАЙДАСЫЗ НАНЫМ-СЕНІМДЕР

Біз қабылдаған барлық ақпарат бейсанада сақталады. Ол сенімдерге немесе ой-пікірлерге айналады, содан кейін ол біздің өзіміз туралы түсінігіміздің бір бөлігі болады. Олар біз үшін өзіміз, өзге, өмір туралы шындыққа айналады, қазіргі уақыттағы біздің шынайы бейнемізді қалыптастырады. Біз өмір туралы, өзіміз туралы ойларымыз бен сенімдеріміздің пайдалылығы, яғни біздің қажеттіліктерімізге сəйкестігі тұрғысынан мезгіл-мезгіл қайта қарауымыз керек. Олар бізге қалаған нəрсені алуға көмектеседі ме? Біздің бақытымызға кедергі ма əлде көмек пе? Егер сенім жүйесі пайдасыз болып шықса, бейсана онымен жұмыс істеуі үшін пайдалысын құру қажет болады. Оны дұрыс жолмен орнатуға уақыт бөліңіз. Онда сөзсіз пайдалы бағдарлама болады, бірақ сіз оны өзіңіз ғана қалай жасайтынын шеше аласыз. Сіз бұл процесті өзіңіз басқарасыз ба немесе басқа біреуге рұқсат бересіз бе? Сізден басқа ешкім сіз нені қалайтыныңызды біле алмайды. Сіздің жаныңызды өзіңізден артық ешкім артық түсінбейді. Ешбір жағдайда басқаларға, олардың ниеттері қаншалықты мейірімді болса да, сіздің бейсанаңызды бағдарламалауға жол бермеңіз. Себебі біздің еріксіз санамыз бнйсанамыз біз сенетін барлық нəрсені жүзеге асыра алады.

Сенім – барлық үлкен жетістіктердің негізі. Біз өз наным-сенімдеріміздің құлы екенімізді үнемі еске түсіруіміз керек, өйткені олар біздің əрекеттерімізді басқарады. Алайда, біз өзіміздің сана-сезімімізді қайта бағдарламалай аламыз, ал ең бастысы, себепті яғни сенімді өзгерту арқылы біз өз болмысымызды өзгертеміз, ал ол өз кезегінде іс-əрекетіміздің нəтижесін, салдарын өзгертеді. Біз өзімізге сенуді таңдаймыз жəне мəңгі ескірген жəне пайдасыз сенімдер мен ойларды ұстанудың қажеті жоқ. Пайдалы Сенім əлемдегі ең үлкен күш деп айтуға болады. Ол Хелен Келлерге өз ауруларын жеңуге жəне жетістікке жетуге көмектесті. Ол Эйнштейнге ғылыми ізденістен бас тартпауға жəне салыстырмалылық теориясын тұжырымдауға көмектесті. Сонымен бірге, зиянды сенім қылмыс жасауға, соғыс бастауға, адамдарды өлтіруге мəжбүр етеді. Бұл бізге көмектесетін немесе жоятын күш.

 

Біз өз ойымызды қайта бағдарламалауымыз керек жəне пайдалы сенім бізге қалаған нəрсені алуға көмектесуі үшін барлық жағдай жасайтын болады. Мұны істеу үшін оң, жағымды, позитивті мəлімдемелер (аффирмация) мен визуализация сияқты өзін-өзі гипноздау құралдарын қолданыңыз. Əнді ыңылдап айтудың өзі аффирмация, егер олардың сөздері сіздің бейсанаңызға жетсе. Бізге пайда беретін, нəтежиеге жеткізетін ойлар (сөз+бейне) керек.

РАСТАМА ЖƏНЕ БЕЙНЕ

Растамалар (аффирмация) өтірік шындыққа емес ақиқатқа негізделген болуы керек, позитивқа қана емес Құдай заңдылықтарына (дұрыс ойлауға) негізделген болуы керек.

Позитивті мəлімдемелермен немесе растамалармен жұмыс істеудің мақсаты – белгілі бір əрекетті немесе тəжірибені қолдау үшін сана мен бейсана ойларын пайдалы сеніммен толтыру. Соңғы нүкте амал-əрекет жəне оның эмоционалдық тəжірибесі, ал бұларды қалыптастыратын ой (ішкі сөз + бейне) және сенім.

Көбінесе растама (аффирмация) адамның қазіргі жағдайына байланысты емес. Олар біздің өміріміз қандай болуы керек деген идеямызға негізделген. Визуализация, яғни ақыл-ой бейнесі – бұл қиял әлемі арқылы бейнелерді көру, елестету қабілеті, қиялдағы бейнені өмір шындығына айналдыру. Қандай да бір ой сіздің басыңызда қайта-қайта пайда болған кезде, ол біртіндеп эмоционалды сезімге эмоцияға айналады. Визуализация басқарылатын қиял деп те аталады. Бұл кейбір өзгерістерді ынталандырудың тиімді əдістерінің бірі. Егер біз ойлардың шындыққа сəйкес келетініне сенсек, біздің ойларымыз шындыққа айналады. Күн сайын біздің басымызда жүздеген, мыңдаған ойлар пайда болады, бірақ бізге ең әсерлі эмоциялармен байланысты ақпараттар ғана əсер етеді. Визуализация – бұл ақыл-ой бейнесі белгілі бір эмоционалды реакция тудырғанға дейін біз қандай да бір қиялға назар аударатын процесс. Есіңізде болсын, ой эмоциялармен үйлескенде сенімділікті тудырады, ал сенім біздің шындықты өмірді қалыптастырады. Растау (аффирмация айту, жазу) – бұл оң, жағымды, позитивті ойлар. Біздің ойларымыздың (ішкі сөз + қиялдағы бейне) табиғаты өміріміздің сапасын анықтайды. Осылайша, егер сіз ойлауыңызға оң, жағымды, позитивті өзгерістер енгізсеңіз, сіз өмірді автоматты түрде тура жолға өзгерте аласыз.

РАСТАМАЛАР МЕН БЕЙНЕЛЕУ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Позитивті растауды қолдану – əдейі өзін-өзі гипноздау əдісі. ХХ ғасырдың басында француз дəрігері Эмиль Куэ бұл əдісті пациенттерін емдеуде сəтті қолданды. Ол олардан бір тұжырымды үнемі қайталауды сұрады: «Мен күн сайын жақсарып, жазылып келемін». Бұл көмектесті! Растама əрекеті ойларды айдау, тазалау принципіне негізделген. Егер сіз кранның астына бір стақан лас су қойып, оны таза сумен толтыра бастасаңыз, онда ерте ме, кеш пе таза су барлық лас суды кетіреді. Теріс, негативті, жағымсыз, пайдалы емес ойларды мақсаттар тұрғысынан оң, пайдалы ойлармен алмастырған кезде, дəл солай болады.

Сіз өзіңізді шектейтін наным-сенімдерден құтылуға міндеттісіз. Бейсанада бізге қалаған нəрсені алуға көмектесетін ойлар басым болуы үшін қолдан келгеннің бəрін жасау маңызды. Компьютерлік терминологияда «ГИГО» сөзі бар. Бұл ағылшын тіліндегі «garbage in – garbage out» деген сөзден шыққан аббревиатура, аудармада «кіру қоқысы – шығу қоқысы» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, егер бастапқы деректер (ақпарат) жалған болса, онда нəтиже жалған болады. Ал бастапқы деректерді кім енгізеді? Əрине, бағдарламашы. Егер бағдарламашы шындық ақпаратты бұрмалағысы келсе, ол жүйеге бұрмаланған деректерді енгізеді. Демек, ол енгізген ақпартқа бұрмаланған сеніммен жауап береді. Ұқсастық бойынша, егер сіздің жеке бағдарламашыңыз, яғни ақыл, бейсанаға дұрыс емес, яғни қисынсыз немесе жалған ақпарат берсе, онда ол дұрыс болмайды, қоқыс болады. Бес бейсанамызға жазған қоқыс ақпаратты кіргізе де шығара да аламыз, қоқыс шығарылмаса сіздің бейсанаңыз қоқыс жәшігіне айналады.

Логикалық тұрғыдан қарама-қайшы сенімдер бір-бірінен ерекшеленеді: біз бір уақытта, бір сәтте белгілі бір объект немесе құбылыс туралы екі қарама-қарсы ой-пікірді сақтай алмаймыз. Бір ниет туралы ойланып, өзіме «Мен қалаймын» не «Мен қаламаймын» деп айту мүмкін емес. Сондықтан сіз өзіңіздің бейсанаңызда қандай ойлар басым екенін мұқият талдап, оны дұрыс бағдарламалауыңыз керек. Эмерсон: «біз күні бойы не туралы ойласақ, сол бізбіз», – деді. Бұл шынымен де солай. Сонымен, позитивті растаманы қолдану – бұл сіздің бейсанаңызды сəттілікке бағдарламалаудың ең тиімді əдісі. Аффирмация сөзбе-сөз «бекіту», «растау» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, сол ой қайта-қайта қайталанған кезде, ол жалған болса да шындық мəртебесін алады. Біз мидың нейрондарына бейсана арқылы өңделген сигналды жазып, сол арқылы өз сенімімізді растаймыз (аффирмация=ой=ішкі дауыс). Бейсана оны қабылдағаннан кейін, ол бірден оны жүзеге асыра бастайды. Күнделікті Растауды қайталау – сіздің өміріңізге қандай да бір өзгерістер енгізудің ең оңай жолы.

Өкінішке орай, көпшілігіміз бұл оңайды дұрыс пайдалануды білмейміз, өзін-өзі сендірудің тиімді жолдарын да толық білмейміз. 7-тарауда сіз растамалармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы көбірек білесіз, бірақ əзірге бұл туралы күрделі ештеңе жоқ екенін ескеріңіз. Максималды нəтижеге жету үшін Растаманы қолдануды бейнемен біріктіру қажет. Барлық біздің ойымыз, өзіміз жайлы «Мен» образына бағынады. «Ит» сөзінде біздің басымызда бұл жануардың бейнесі бірден пайда болады. Ал абстрактілі ұғымдар «батылдық» өзгеше: нақты көзбен елестету үшін біраз қиялдау, ойлану керек. «Маған оны елестету қиын» деп жиі айтамыз, себебі бізді абстрактілі сөздермен қиялымызды шектеп тастаған. Əңгімелесушінің не айтқысы келіп тұрғанын түсінбейтін болсақ, оның сөздері біздің ешқандай ақыл-оймызбен байланыста емес. Түсінікті визуализацияны бірнеше қайталаудан кейін, ол белгілі бір ойдағы бейнені, қиял әлемі арқылы тудырады. Бұл процесс ақыл-ойды қиялдағы жағдайға ауыстыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтқанымыздай, визуализация қиялдау, бейнелеу деп те аталады. Растау мен бейнелеу арасындағы айырмашылық мынада: бірінші жағдайда біз белгілі бір растамаларды (сөздерді) саналы, ерікті түрде таңдаймыз жəне қайталаймыз, ал екінші жағдайда біз бір қадам алға басып, эмоционалды реакция тудырғанға дейін осы растамаларды пысықтаймыз, оған сенімді болғанша дейін жалғастырамыз. Ақылмен Бейнелеу – бұл еркін тақырыптағы армандар мен қиялдар емес, белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған алдын-ала расталған ақпаратты қиял арқылы қолданудың саналы процесі. Бұл процестің міндеті – іс-əрекетті орындау үшін жеткілікті, күшті сенімді қалыптастыру.

Армандар шындықтан алыс, белгілі бір сенімдерді қолдайтын алдын-ала ойластырылған қиял. Бейнелеудің тиімділігі, ақыл мен бейсана бірлесіп əрекет ете отырып, «жылдам əрекет ету» механизмін құратындығымен түсіндіріледі, бейсана сигнал алғаннан кейін проблемалар мен қиындықтармен автоматты түрде жұмыс істей бастайды. Бейнелеу тəжірибені есте сақтауға жəне нақты тəжірибе болмаса да, наным-сенімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның көмегімен біз шындықтың өз нұсқасына айналдырғымыз келетін ақпаратты бейсанаға енгізе аламыз. Есіңізде болсын, біз үшін шындық – бұл біз сенетін нəрсе, өйткені бейсана нақты жəне қиялдағы тəжірибелер арасында ешқандай айырмашылықты сезбейді. Біз басқарылатын қиялдың көмегімен өзімізге қандай да бір жағдайларды айқын суреттегенде, бейсана оларды іс жүзінде болып жатқандай қабылдайды. Бұл бейнені мықтап сіңіргеннен кейін, біздің барлық кейінгі тəжірибелеріміз өзіміз қалған шындықтың жаңа ойларына сəйкес келеді.

РАСТАУ + БЕЙНЕЛЕУ + ЭМОЦИЯЛАР = АМАЛ-ƏРЕКЕТ = СƏТТІЛІК (ЖЕҢІС)

Басқаша:

Әрекетсіз Әрекет (ішкі жұмыс) + Физикалық Әрекет (сыртқы қозғалыс) = Қуаныш пен бақыт

Сəтті бейнелеудің кілті – ақыл-ой бейнесіне мүмкіндігінше көп эмоциялар салу. Ішкі дұға-тілегіңізді сезініп, оны ынта-жігермен күшейтіп, қалаған көріністі қайта-қайта елестетіңіз. Бұл миды қайта қалыптастыру жолы.

Жалпы адамның сенімі эмоционалды ойлардан пайда болды, сондықтан егер жаңа растамаларда жеткілікті күшті сезімдерді тудырса, олар автоматты түрде ескі жағымсыз естеліктер мен сезімдерді ығыстырады жəне қайталау мен бейнелеу арқылы бейсанада үстем жағдайға ие болады. Басым ойлар, яғни түсінік пен сенімдер біздің əрекеттерімізді басқарады. «Мен мұндай тәсілдермен айналыспаймын, бәрі өтірік» дейтіндер бұл тəжірибені басынан күнде өткізеді, тек олардың айырмашылығы олар еріксіз, ортаның құлдары. Бейсаналы түрде өзінің осы жүйенің арқасында жүргенін білмейді, сезбейді. Ал біздің мақсатымыз бұл жүйені бейсана арқылы емес, ерікті ақылмен жүзеге асыру ж/е ақиқат қалағандай екі өмірдің бақытына ие болу. Есіңізде болсын: дүние – себеп, ақырет – салдары.

Сіз қандай да бір мазасыздық сезінсеңіз, сіз қиялдағы пессимистік суреттерді бейнелейсіз ж/е айқын жəне нақты түрде тартасыз. Сіз оларды қайта-қайта елестетесіз, тіпті оған күш саласыз. Қиындықтар туралы үнемі ойлағаныңыз жеткілікті. Бұл əлі болған жоқ, бірақ сіз өзіңіздің ең жаман үміттеріңіз ақталатын жағдайды бастан өткеруіңіз мүмкін. Сіз өзіңіз түсінбей-ақ, ең қолайсыз нəтиже алу мүмкіндігін қабылдадыңыз, оны əрдайым елестетіп, ол туралы факт ретінде ойлайсыз, бұл сіздің бейсана үшін барған сайын шынайы болады. Біраз уақыттан кейін сіз автоматты түрде осы психикалық бейнеге сəйкес келетін эмоцияларды сезінесіз: қорқыныш, мазасыздық, шиеленіс, көңілсіздік, депрессия. Мұның бəрі қиялдағы, ақылдағы теріс, жағымсыз, негативті растамалар мен бейнелердің, содан туындаған эмоционалды тəжірибенің нəтижесі! Сонымен, алаңдаушылық пайда əкелмейді жəне болашақта ештеңені өзгертпейді, сенім мен айқындықты əлсіретеді, психикалық тепе-теңдікті бұзады жəне əлсіздік сезімін тудырады. Сондықтан еш нəрсеге алаңдамаңыз! Себебі алаңдайтын себеп жоқ.

БІЗ КҮТКЕН НƏРСЕНІ АЛАМЫЗ

Біздің болашаққа деген үміт, күту деңгейі = басым ойлар (ішкі дауыс + қиялдағы бейне) + басым эмоциялар

Біздің болашаққа деген үмітіміз, күту деңгейі, қандай ойлардың басым болуымен жəне олармен байланысты эмоциялармен анықталады. Тағы да қайталаймын: біздің бейсана қабылдайтын ақпараттың дұрыстығына күмəн келтірмейді, ол жай ғана оны өңдейді жəне біздің өзіміз, өмір туралы шындыққа сәйкес келетінін жазады. Келесі ақпаратты ойларымызда қалыптасқан шындыққа қарай тартады. Егер сіз өзіңіздің мінез-құлқыңызды өзгерту үшін «қиялда бейнелеу» əдісін қолдансаңыз, онда сіз өзіңіз қалған əрекетті қалай орындағаныңызды елестетіп, белгілі бір эмоцияларды сезінесіз. Бүгін немесе кеше қалай істегеніңіз маңызды емес. Бейсана жаңа ойға үйреніп алғаннан кейін, ой-сезіммен бірге сенім жүйесіне əсер ете отырып, автоматты түрде жаңа мінез-құлық моделін қалыптастыра бастайды. Ең бастысы – қалаған түпкілікті нəтижені, оның шындығына сену үшін, бейнелі жəне жарқын етіп елестету керек.

Біздің бейсана қызметі мақсатқа жетуге бағытталған. Бейсана кейбір ойды игергеннен кейін, ол сізді оны жүзеге асыруға əкелетініне сенімді бола аласыз. Егер сіз түпкілікті нəтиже туралы шешім қабылдасаңыз, бейсана бəрін қамтамасыз етеді. Ол қалаған нəрсеге жетудің жолын табады. Қазіргі уақытта «іспен дәлелдеу» туралы ойланыңыз. Сіз дәлелді нəтижеге, ақыл мен жүрек, оның шындығына сенетіндей етіп елестетуіңіз керек. Растау мен Бейнелеудің түпкі мақсаты – нəтижеге қол жеткізілгендей сезіну, яғни ақыл мен қиял арқылы, шын өмірде жүзеге аспай тұрып сезіну. Сіздің мақсатыңыз орындалғандай эмоцияларды сезінуге тырысыңыз. Содан кейін ақыл мен қиялдың өзі сізді қалаған нəтижеге жетелейді. Оларға барлық арман, мақсат, жоспарыңыздың мәнісімен таныстырыңыз, оны қайта-қайта жасаңыз. Алғашқы кезде сіз ішкі қарсылықты сезінуіңіз мүмкін, ішкі жаулардың барлығының дауысын өшіріңіз, қиялда өз қалауыңыздың суретін салыңыз. Сіз бұл әрекетсіз әрекетті автоматты түрде жасамайынша сіз оған толық сене алмайсыз. Өзіңіздің ақылыңыз бен қиялыңызды іске қосуды ешқашан ұмытпаңыз. Бұл екі әлемнен қорықпаңыз, қашпаңыз, керісінше оларды түзетіңіз, реттеңіз, жақсартыңыз қажет болса өзгертіңіз. Әрекетсіз əрекеттерді орындау сізге қуаныш пен шаттық сезімін әкелетін болсын. Егер сіз қиял әлемінде болмасаңыз, онда сіз оның нақты бейнесін көре алмайсыз. Мысалы, сіз жаңа көлік алғыңыз келді жəне оны барлық жағынан елестетесіз, күшті эмоцияларды сезінесіз, ол туралы қайта-қайта ойлайсыз. Міне, қиял бейнесі іс жүзінде жүзеге асырылды: сіз терезеден қарап, көршіңізді «сіздің» көлігіңіздің ішінде көресіз, қиял әлемінде көлік сіздікі, бірақ шынайы өмірде көлік көршіңіздікі! Басқаша айтқанда, көлік сіздің өміріңізде пайда болды, бірақ сізде әлі жоқ! Сондықтан сіз өзіңіздің (ақыл+қиял) жəне мақсатыңыздың арасында нақты байланыс орнатуыңыз керек! Өмірде жетістікке жеткен əрбір адам ең алдымен өз мақсатын қиялмен көре білген. Ол қиялда сурет салып, өзіне не істегісі келетінін, кім болғысы келетінін жəне нені иеленгісі келетінін үнемі ақылымен қайталап отырды. Содан кейін ол өзінің бейсанасына бірнеше рет нақты тапсырмалар берді және бейсана оны жүзеге асырды.

 

ӨЗГЕРІСТЕРДІ МƏЖБҮРЛЕУ КЕРІ НƏТИЖЕГЕ ƏКЕЛЕДІ

Біз жаңа ақыл-ой, «Мен» бейнесін (өзім туралы көзқарас) қалыптастырғаннан кейін, бейсана біздің шындықты оған сəйкестендіру үшін бірден жұмысқа кіріседі. Бейсана міндеті – психоэмоционалды тепе-теңдікті сақтау үшін, өз ойлары мен іс-əрекеттерінің сəйкестігін бақылау яғни жан мен тәннің балансын сақтау. Сондықтан, қажетті, керекті, пайдалы əрекеттерді орындау үшін біз бейсана арқылы, өзіміздің «Мен» бейнесіне, яғни өзіміз туралы көзқарасымызға түзету енгізуіміз керек. Кей адамдардың қателігі – өзі туралы қалыптасқан ой-пікірге қайшы əрекет етуге тырысуы. Əрбір осындай импульс алаңдаушылық пен өзгерістерге наразылық жағдайынан басқа ештеңемен аяқталмайды. Өзіңіздің «Мен» бейнесі, қиял мен ақыл, біздің əрекеттерімізді басқарады жəне біз өзімізді қалай елестететінімізге сəйкес автоматты түрде əрекет етеміз. Егер біз өзімізді шекпеуге, арықтауға т.б. өмірде бір нəрсені өзгертуге тырыссақ, алдымен өзіміздің «Мен» бейнесін өзгертпестен, біз үнемі өзімізді мəжбүрлейтін боламыз. Нəтиже біз саналы түрде қажетті өзгерісті қалағанға дейін сақталады, бірақ әдеттен арылудан «қалау сезімі» қалай əлсірейді, біз бірден ескі əдеттерге тез арада ораламыз, өйткені біз əрқашан өз ойымызға сəйкес əрекет етеміз, ал біздің ойымыз бұл жағдайда уақытша ерік-жігерге сүйенген. Өзімізді бір нəрсеге мəжбүрлей отырып, біз жүйке жүйесін стреске ұшыратамыз, өйткені біз өзімізді қалыптасып қалған «Мен» -нен өзгеше етуге тырысамыз. Біз өзімізді мəжбүрлеуді тоқтатқаннан кейін, өзіміздің «Мен» бейнесі қайтадан біздің əрекеттерімізді басқара бастайды. Растау мен Бейнелеуді қолдану арқылы адамды өзгертуге болады, содан кейін адамға өзгерісті мəжбүрлеудің қажеті жоқ. Мен сіздің назарыңызды тағы бір маңызды сəтке аударғым келеді: өзіңізді жаңа адам ретінде елестете отырып, бұрынғыдай əрекет етуді жалғастырыңыз. Өзіңізді басқаша болуға мəжбүрлемеңіз, өзіңіз туралы жаңа ой-пікірге сəйкес өзгеруге тырыспаңыз. Жай ғана демалыңыз жəне өзіңіз болуға рұқсат етіңіз, сонда сіз өзіңізді танисыз.

Есіңізде болсын, алдымен бейсанада қажетті өзгерістер болуы керек. Мінез-құлық немесе жетістіктер мен кемшіліктер туралы ойға батудың керегі жоқ. Ақыл-ой бейнесін өзгерту арқылы сіз мінез-құлықты автоматты түрде өзгертесіз. Күнделікті өмірде бəрін бұрынғыдай жасаңыз. Растау мен Бейнелеудің арқасында сіз біртіндеп, біртіндеп өзгересіз жəне көп ұзамай сіз өзіңіз қалағандай боласыз. Сонымен, есіңізде болсын: мінез-құлқыңызды өзгертуге тырыспаңыз. Алдымен өзіңіз туралы ой-пікірді (көзқарасты) өзгертіңіз. Ең үлкен қателік – адамның өз ақылынан озып кетуі. Адамның сөзі ісінен ешқашан озып кетпеуі керек, әйтпесе сіз өтірікші боласыз.

Кейбір адамдарда бейнелі ойлау жеткіліксіз дамыған. Ақпаратты есту арқылы жақсы қабылдайтындар немесе сезімдерге (эмоционалды) сүйенетіндер бар жəне олар нақты ақыл-ой бейнесін көру қиынға соғады. Бұл адамдар, əдетте, өз тəжірибелерін сезімталдықпен, эмоциямен күшейтеді. Кейде сəтті бейнелеу шамадан тыс шиеленістерге жол бермейді. 9-тарауда сіз ақыл-ой мен әрекеттің шиеленісін жеңілдетуге көмектесетін бірнеше релаксация əдістерімен танысасыз. Бұл бейсананы позитивті растау мен бейнелеуге сезімтал етеді.

Сіз аулақ болатын немесе қандай да бір қиындықтарға тап болатын жағдайлар туралы ойланыңыз. Содан кейін сіз осы жағдайларда өзіңіз үшін ең дұрыс деп санайтындай етіп əрекет еттіңіз деп ойлаңыз. Қиялдаңыз, дағдыларыңыз, қабілеттеріңіз, іскерлігіңіз бен қасиеттеріңіз туралы, арманыңызға жететініңіз туралы. «Қиялдай беріп қияли болып кетесің» деу бұл «Құлдық Сана». Олай айтатын адамдар ең көп қиялдайтын адамдар. Өз істеп жатқан әрекетсіз әрекетіңізге сенімді болыңыз. Көп ұзамай сіз осы идеалды «ақыл-ой бейнесіне» сəйкес əрекет ете бастайсыз. Ол бейсанаға мықтап бекітілгеннен кейін, оны растау немесе бейнелеу арқылы мәжбүрлеп қажеті жоқ. Талпыныста өмір сүріп, өзіңіз болыңыз, бастысы болғаныңызға разы болыңыз.

Сіз жасауыңыз керек әрекет – сіздің жаңа «Мен» қандай болу керектігін саналы түрде, ақылмен шешу. Мысалы, егер сіз темекіні тастауды шешсеңіз, өзіңізді темекіге автоматты түрде жететін жағдайды елестетіп көріңіз. Шынайы өмірде сіздің қолыңызда ештеңе жоқ. Егер сурет жеткілікті айқын жəне жарқын болса, бейсана оны нақты тəжірибе ретінде қабылдайды. Сіз темекіге қолыңыз жүгірді, бірақ сіз кері шешім қабылдап, одан бас тарттыңыз, қиялдаңыз, елестетіңіз, бұл жаттығу сияқты, күніне қанша рет қайталасаңыз, соншалықты нәтежиеге жетесіз. Бұл бейнені жадыңызда сақтаңыз жəне жетістігіңіздің мақтанышын сезініңіз. Бейсана үшін сіз осы қиял жағдайында мəңгі темекі шекпейтін боласыз. Оны жадта қайта-қайта ойната отырып, сізде тұрақтылық қалыптасады, сіз темекі шегушіден, темекі шекпейтіндерге оңай жəне еш күш жұмсамай айналасыз. Егер ниет қайтадан пайда болса қарсылық танытпаңыз, тек бейнелеу, елестету, қиялдау жаттығуын күшейтіңіз.

Қиялдағы бейне өзгереді, сіз іс жүзінде осы зиянды əдеттен арылу үшін одан алатын эмоцияңызды алмастыра алсаңыз. Егер сіз ұялшақтықтан арылғыңыз келсе, өзіңізді ең жақсы достарыңыздың қасында елестетіп көріңіз, сіз олармен еркін, сенімді түрде сөйлесіп жатырсыз. Енді өзіңізді жаңа, ерекше жағдайда елестетіп көріңіз, мысалы, бейтаныс адамдармен толтырылған бөлмеде. Өзіңізді адамдар ішінде абыройлы, беделді сезінетіндігіңізді елестетіп көріңіз. Жетістікке жетудің қуанышты сезімін сезініңіз. Бейсана бұл жағдайдың бірнеше рет қайталанғанына көз жеткізгенге дейін бұл бейнені қайта-қайта елестетіңіз. Егер сіз шынымен шылқыған бай, танымал жұлдыздардың жағдайына тап болсаңыз, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз. Қарапайым ба әлде такаппарлық көрсетесіз бе? Осылай бейнелеуді жаттықтыра береңіз. Өзгерісті тездетіңіз, бірақ мәжбүрлемеңіз, сонда сіз кері нәтиже алмайсыз.

ӨЗІҢІЗДІ ЖАҢА ЖОЛМЕН АНЫҚТАҢЫЗ

Əрбір қиялдағы бейне, бейсана арқылы, адамның өзі ж/е өмір жайлы ойларын, шындықты өзгерте алмайды. Егер олай болса, теледидар, видео көру жеткілікті болар еді. Бейсанадағы шындықты жақсы, дұрыс, пайдалы жаққа өзгерту үшін жеке тəжірибесіз болмайды. Сонда ғана сіз ақыл-ой бейнесін өзгерте аласыз. Сондықтан сіз басқаны емес өзіңізді көруіңіз керек, сыртқы ортаны емес өз ішкі жан-дүниеңізді сезінуіңіз керек. Қандай да бір іс-əрекет процесінде басқа адамды елестете отырып, сіз өзіңізге: «Адамдар мұны қалай жасайды», Құдай бере салған ғой» деп айтасыз. Содан кейін, бейсанада сіз өзіңізге «мен үшін бұл мүмкін емес» деген сенімді бекітесіз. Сізді қандай да бір бай, танымал адам қызықтырса, сіз оның соңғы нəтижесін емес, оның осындай жағдайға қалай жеткен жолын көруіңіз керек. Ал өзіңіз «қалай» деген сұрақты ұмытып, соңғы нәтежиені қиялыңызда көріп, бейсанаға оны жүзеге асыруға мүмкіндік беруіңіз керек. Сонда бейсана «Қалай?» екенін айтады және сіз оны орындауыңыз керек.

Егер сіз өзіңізді өзіңіз қалағандай елестете алмасаңыз, онда сіз ешқашан қалаған нəрсені ала алмайсыз. Кез-келген ұзақ мерзімді өзгеріс сіздің ішіңізде басталуы керек. Əйтпесе, ол уақытша болады. Өмір бойы сіз өзін-өзі гипноздау үшін, еріксіз түрде аффирмация мен визуализацияны, өзіңіз білмесеңіз де қолданып келдіңіз, енді сіз бұл процестерді саналы түрде бақылауды үйренуіңіз керек, сонда олар сізге зиян емес, сізге пайда əкеледі. Растамалар мен басқарылатын қиялдар ойлауды түзету, алмастыру принципіне сəйкес бағдарламалау үшін қолданылады. Əрі қарай, бұл іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын қарастырамыз.

Рейтинг@Mail.ru