bannerbannerbanner
Адвокатпен сұхбат

Тайыр Күзекұлы Назханов
Адвокатпен сұхбат

ДАНИЯЛ – Ал, қазылар алқасын шақырудың мақсаты қандай?

ТАЙЫР – Ол бұл істі қарауға негіз бар ма, жоқ па дегенді шешеді? Дәлелдер жеткілікті ме, әлде жетікіліксіз бе? Прокурор оларға іс жүзінде бұл адамның осы қылмысты жасағанын, істі қарауға және оған салық төлеушілердің қаражатын жұмсауға негіз бар екенін дәлелдеуі керек. Барлығы дауыс береді, және олардың шешімдерінің негізінде не процесс басталады, не адам босатылады. Қазылар алқасының шешіміне кем де- генде 12 адам дауыс беруі керек.

ДАНИЯЛ – Иә! Сондықтан да «Үлкен қазылар алқасының» құра- мында 23 адам!

ТАЙЫР – Иә, абсолютті көпшілік болуы керек.

ДАНИЯЛ – Ал, егер процесті бастауға негіз бар деп шешім қабыл- даса, онда күдікті түрмеге жіберіледі ме?

ТАЙЫР – Жоқ, бізде осы күнге дейін бұлтартпау шарасы жиі таңда- лады. Ал, англосаксон елдерінде өте аз пайызы түрмеде қалады. Көбіне олар кепілдікпен босатылады немесе төреші айыпталушыға: «Сыпай- ылық танытып, сот процесіне осындай уақытта келіңіз!» – дейді. Ешқан- дай мәселе туындамайды, әлі қылмысқа кінәлі деп табылмағандықтан қамауға алудың қажеті жоқ. Оны асырауға және қорғауға мемлекет ақ- шасын жұмсаудың, және оны отбасын асырау мүмкіндігінен айырудың да қажеті жоқ.

ДАНИЯЛ – Ал, егер кінәлі болып, сотқа дейін қашып кетсе ше?

ТАЙЫР – Әрине, ондай жағдайлар да болып тұрады. Қашуды сирету немесе оны болдырмау үшін полиция және басқа да қызметтер қолда- нылады. Оның үстіне, кепіл де әдетте қандай да бір кепілдік ретінде қызмет етеді. Ал, егер ол бірден қашып кетеді деген қорқыныш болса, онда, әрине, оларды бостандықтарынан айырады.

ДАНИЯЛ – Ал, одан кейін процес басталады…

ТАЙЫР – Ондағы ең маңыздысы – тартыс. Қорғау тарапы мен айып- тау тарапы әділқазылар алдында бір-бірімен тартысқа түседі.

ДАНИЯЛ – Кінә туралы шешімді сот емес, алқабилер шешеді ме?

ТАЙЫР – Сіз ең маңыздысын түсіндіңіз. Алқабилер бір-бірімен жа- бық есік жағдайында кеңеседі, біздегідей судья ол жаққа кірмейді. Сөй- тіп, олар сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігі туралы шешімді шығарады. Егер олардың үкімі «кінәсіз» болса, онда судья тек тиісті үкімді шығарады.

ДАНИЯЛ – Ал, егер олар сотталушының кінәлі екендігі туралы шешім қабылдаса ше?

ТАЙЫР – Онда, сол кезде судья нақты жазаны тағайындайды. Яғни, қазылар алқасы мен судьяның қызметі әртүрлі. Алқабилер бұл фак- тінің өзі болған-болмағанын талқылап, шешім қабылдайды. Судья заң мәселесін қарастырады, яғни заң бойынша осы факттен не шығатынын анықтайды?

ДАНИЯЛ – Қарапайым тілмен айтқанда, ресми түрде қылмыскер деп танылған адамды қанша жыл немесе қанша айға қамау керектігін бе?

ТАЙЫР – Міндетті түрде қамауға алу емес. Ол басқа жаза тағай- ындай алады – қоғамдық жұмыстар немесе түрме мерзімінен жеңілірек басқа нәрсе. Бірақ судьяның ең маңызды мәселені, яғни «кінәлі-жа- зықсыз» дегенді шешкен кездегі пікірі, ештеңені білдірмейді. Ол тек қазылар алқасының заңды рәсімдерге сәйкес жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуі керек.

ТУЫП-ӨСКЕН ӨЛКЕДЕ

ДАНИЯЛ – Ал, бізде, Қазақстанда ше?

ТАЙЫР – Біздің Қылмыстық іс жүргізу кодексі аралас түрге жа- тады. Неліктен аралас дейтін шығарсыз? Себебі бізде қылмыстық про- цестің екі кезеңі бар – сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы. Бірінші саты – сотқа дейінгі қарау – инквизициялық элементтерге ие…

ДАНИЯЛ – Ал, керек болса!

ТАЙЫР – Негізінде, бір-бірімізге айтқан барлық сұмдықтардан кейін де бұл сөзден қорқудың керегі жоқ. Бұл заң ғылымында қолданылатын термин ғана. Қазіргі кезде бұл азаптап жауап алу немесе мыстандар- ды аулау дегенді білдірмейді, бұл тек күдіктінің өзін-өзі қорғау қабілеті шектеулі болатын жағдай.

ДАНИЯЛ – Ал, бұл да жаман ба?

ТАЙЫР – Өзіңіз ойлап көріңіз – мен қорғаушымын және клиентім екеуміз сотқа дейінгі тергеу барысындағы қылмыстық істің барлық мате- риалдарымен таныса алмаймыз. Адамды жауап алуға апара жатыр, алай- да тергеушіде қандай дәлелдер жиналғанын білмеймін. Өзімнің жұмыс жасау әдістерімді, оның күрделі сұрақтарына жауап беру тактикамды алдын ала ойластыра алмаймын.

ДАНИЯЛ – Бірақ, осылайша тергеушіге қылмыскерден жауап алу оңайға түседі.

ТАЙЫР – Келісемін, бірақ екінші жағынан, сіз жазықсыз адамды оның сөзінен ұстап, оған тұзақ құра аласыз. Немесе қылмысқа ішінара кінәлі адамды басқа біреудің кінәсінің бір бөлігін алуға көндіру.

ДАНИЯЛ – Ия, бұл әділеттілікке жатпайды.

ТАЙЫР – Тіпті, тергеуші қанша жерден әділ болса да, процесстің ашық өтпеуі күдіктіні қиын жағдайға душар етеді. Және бұл тек сотқа дейінгі тергеу кезінде ғана. Бірақ іс сотқа жеткенде, қорғаушы тарап қылмыстық істің барлық материалдарын алады, және, жалпы алғанда, өте нақты айыптаулардан қорғанып, бізге белгілі айыптау дәлелдеріне қарсы дәлелдер іздей аламыз.

ДАНИЯЛ – Түсінікті. «Жас баланы» соққыға жығу емес, нағыз тар- тыс басталады.

ТАЙЫР – Қалай болғанда да, бір ғана қақпаны көздейтін ойын емес. Бұл қылмыстық іс жүргізу формасы алдымен Францияда, Германияда дами бастады, кейіннен оны Ресей қабылдады. Ал, Қазақстан Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін аталмыш қылмыстық процедураны оның бар- лық кемшіліктерімен қоса алды. Біздің жүйеге қаншалықты сын көзбен қарасақта, өте маңызды сәтті мойындауымыз керек: Қазақстандағы қыл- мыстық процесс біртіндеп аралас типтен тартыс түріне ауысып келеді. Бізде сот бақылауының нысаны кеңейіп келеді, енді ол сотқа дейінгі тергеу барысында да пайда болды. Сотқа қорғаушы ретінде келіп: «Қыл- мыстық істі тергеу әдісі маған ұнамайды, тергеуші менің қорғаушымның құқығын бұзды. Дәлелдерді өз көзқарасымның пайдасына келтіремін. Төрешіден тергеушіге белгілі бір нормативтік процедураларды, тергеу әрекеттерін жүргізуді міндеттеуін сұраймын…» – деп айта аламын.

ДАНИЯЛ – Төреші әрқашан мұнымен келісе ме?

ТАЙЫР – Әрине, жоқ. Алайда, осы принциптің өзі маңызды – мен шешімге қарсы шыға аламын, екіншіден, соттың басталуына дейін төрешінің немесе прокурордың шешімдеріне шағымдана аламын. Бұл, сонымен қатар, оларды өз міндеттеріне мейлінше жауапкершілікпен қа- рауға мәжбүр етеді – ең алдымен менің клиентімнің құқығын құрметте- уге. «Күдікті ретінде қалдыру» деген үкім нысанының бар екені жайлы айтқан болатынмын. Есімде, тергеуші болып жұмыс істеген кезімде, кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтата алатын едім. Тіпті, қылмы- стық іс жүргізу кодексінде «Кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтату» нормасы болған. Яғни, олар ештеңе дәлелдеген жоқ, ешкімді түрмеге отырғызбады, алайда олардың беделіне түскен дақ өмір бойына қалды. Қазір ондай жоқ.

ДАНИЯЛ – Қазір қалай тұжырымдалады?

ТАЙЫР – Қазір, егер дәлел болмаса, қылмыстық іс құрамының бол- мауына байланысты қылмыстық іс жабылады…

ДАНИЯЛ – Сонда, айырмашылығы неде?

ТАЙЫР – «Ұсталмаған ұры емес» – деген мақалды білесіз бе?

ДАНИЯЛ – Әрине.

ТАЙЫР – Сонымен, бұрынғы тұжырымның мағынасы: ұры деп ой- лаймыз, бірақ, өкінішке орай, ұстай алмадық.

ДАНИЯЛ – Ал, қазір: егер ұстай алмаса, онда ұры болып санал- майды ма?

ТАЙЫР – Қазір дәлелдердің жоқтығы қылмыс құрамының болма- уымен пара-пар. Бұл біздің қылмыстық процестің біртіндеп тартыс сипа- тына ауысуының мысалы. Әрине, адам құқықтарын толықтай қорғайтын қылмыстық процесстен әлі де алыспыз.

ДАНИЯЛ – Тезірек болғаны жақсы еді…

ТАЙЫР – Әділеттілік үшін айта кету керек, эволюция тек қылмы- стық іс жүргізу саласында ғана болып жатқан жоқ. Бұл шөл даладағы оқшауланған құбылыс емес. Мұны жүйеде және оның басқа құқық сала- ларымен байланысын, мысалы, онсыз да жағдайы біршама өзгеше болып тұрған азаматтық процедурамен бірге қарастыру қажет.

ДАНИЯЛ – Жақсы ма, әлде жаман ба?

ТАЙЫР – Өзіңіз ойлап қараңыз, қылмыстық процесте айғақтар ай- ыптаушы тараппен қамтамасыз етіледі, ал азаматтық процесте тараптар- дың әрқайсысы өзі сілтеме жасаған фактілер мен жағдайларды дербес дәлелдеуі керек. Азаматтық процесте, жалпы, тараптар тең құқылы. Әри- не, қылмыстық процесте олай емес. Онда процесті, әсіресе сотқа дейінгі

бөлімді, тергеуші жүргізеді. Егер де шақыру қағазы бойынша тергеуге келмесеңіз, ол сізді тұтқындауы мүмкін. Мәжбүрлеу шараларына тап боласыз .

ДАНИЯЛ – Ия, мұндай жағдайда теңдіктің ізі де байқалмайды. Ал, бізде тергеу ісімен кім айналысады?

ЕКІНШІ ТОМ

«ТЕРГЕУ ДИРИЖЕРЛЕРІ»

ТАЙЫР – Қылмыстық сот жүйесінің құрылымы қарапайым емес. Тіпті оның әр тармағын алып қарасаңыз да. Университет қабырғасында марқұм профессор Қ.Х. Халықовтың бізге құқық қорғау органдары қа- лай ұйымдастырылатынын түсіндіргені, және «прокуратураның он бір қызметкері» әлі де есімде!

ДАНИЯЛ – Прокуратура да сотқа дейінгі тергеуді жүргізе ала ма?

ТАЙЫР – Шын мәнінде, олар мұнда «бас скрипкада ойнайды». Олар кез келген істі қолдарына ала алады, яғни талап етеді. Тіпті ҰҚК-ден терроризмге қатысты кез келген істі талап етіп, тергей алады. Мысалы, Кулекбаевтың ісі есіңізде ме? Бұл Алмалы аудандық ІІБ-де лаңкестік әрекет жасаған адам. Ол террорист, алайда, бұл қылмыстық істі Бас прокуратура аяқтады.

ДАНИЯЛ – Менің түсінуімше, ҰҚК-де сотқа дейінгі тергеумен ай- налысады ма?

ТАЙЫР – Әрине, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де құқық қорғау органы, ол мемлекеттік қылмыстарға байланысты сатқындық, тыңшылық, мемлекеттік құпияларды жария ету сияқты қылмыстық істерді тергей алады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде «Мемле- кетке қарсы қылмыстар» деген арнайы бөлім бар.

ДАНИЯЛ – Қылмыстық істерді тек Ішкі істер министрлігі тергейді деп ойлап едім.

ТАЙЫР – Негізі, дұрыс ойладыңыз. Мұндай жұмыстың негізгі бөлігі солардың мойнына түседі, сонымен бірге ең қиыны! Қылмыстық істердің шамамен 80%-ын бұрын милиционер деп аталған, ал қазіргі полиция қызметкерлері тергейді. Ұрлық, тонау, қарақшылық, зорлау, кісі өлтіру, алаяқтық – толық жиынтық… Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын басқа да органдар бар – МКД (Мемлекеттік кірістер департаменті) – олар экономика саласында қоғамдық салалармен бай- ланысты салық төлеуден жалтару, коммерциялық контрабанда, коммер- циялық пара сияқты қылмыстармен айналысады. Дегенмен, ҰҚК да

 

жоғары лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерін өз мойнына ала алады.

Мысалы, жақында, егер есіңізде бол- са, «ЭКСИМ-Банк» басшыларының бірін коммерциялық пара үшін ұстады. Бұл іспен ҰҚК айналысты… Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық істеріне қарсы жеке бюро бар. Олар мемлекеттік қызметкерлерге қатысты, яғни пара алу мен беру, пара беруде делдал- дық сияқты қылмыстық істерді тергейді. Жалпы айтқанда, тиісті органдар көп.

ДАНИЯЛ – Олар өздері бірін-бірі шатастырып алып жатпай ма?

ТАЙЫР – ҰҚК, прокуратура мен ішкі істер органдарының әрқай- сысына тән жеке формасы бар, қызметкерлері погондар тағады, лауа- зымдары, сыныптық шендері бар, сондықтан оларды ажырату оңай. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросы мен мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің погондары жоқ.

ДАНИЯЛ – Қынжылтады екен!

ТАЙЫР – Неге екенін білмеймін, алайда, осындай шешім қабыл- данған, оған ештеңе істей алмайсыз. Бірақ, сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының көптігіне қарамастан, бүкіл тер- геудің тәжі – сот. Тек сот қана адамның кінәлі немесе кінәлі еместігін, қылмыстық істі тоқтатуға болатын-болмайтындығын анықтайды, яғни соңғы сөзді өзі айтады…

ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕ

ДАНИЯЛ – Өз тәжірибеңізде тергеу және сот ісін қарау процесін, былайша айтқанда, әртүрлі позициялардан, көзқарастардан байқауға мүмкіндігіңіз болғандықтан, тергеу кезінде не нәрсеге ерекше назар аудару керек және қандай қателіктерден аулақ болу керек екенін білу қызықты болар еді.

ТАЙЫР – Өте жақсы сұрақ! Негізі, қылмыстың жедел ашылуы, сонымен қатар, оған қатысқан барлық адамдардың тағдыры тергеу істерінің сапалы өтуіне байланысты. Сондай-ақ, объективті сот талқы- лауының болашағы, қорғаушының тергеу нәтижелеріне қарсы тұру мүм- кіндігі және тағы басқаларыда осыған байланысты. Сондықтан тергеуші ұстануға тиісті ережелер бар. Барлық қажетті рәсімдерді заңға сәйкес қатаң және қысқа мерзімде орындауы керек. Әйтпесе, іс сотта немесе тіпті сотқа дейін құлауы мүмкін.

ДАНИЯЛ – Істі жақсы заңгер қарастырған жағдайда да ма?

ТАЙЫР – Иә. Мен тіпті кінәсіз адамды немесе кінәлі адамды сотта- уға болатындығы туралы емес, оған тағылған қылмыстарға қарағанда онша ауыр емес қылмыстар туралы айтудамын. Сондықтан да, қылмы- стық процестің сотқа дейінгі сатысы ерекше маңызға ие. Сотқа дейінгі тергеуді бастауға бірнеше негіз бар. Бұл жәбірленушінің мәлімдемесі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар және мойындау (мұн- дай да болады!) немесе шенеуніктің баянаты. Әлі есімде, тергеуші болып жұмыс істеген кезімде, ұрлыққа қатысты істерге жәбірленушінің қоңы- рауы бойынша жиі шығатынбыз.

ДАНИЯЛ – Бірінші кезекте неден бастайтын едіңіздер?

ТАЙЫР – Бірінші шұғыл тергеу әрекеті – оқиға болған жерді қарауда хаттаманы дұрыс толтыру. Мысалы, объект пәтер болса, онда сот так- тикасына сәйкес әр түрлі технологияларды қолдану арқылы әр бөлмені тексеру істері жүргізіледі. Қылмыскердің үй-жайға кіру тәсіліне күман қалдырмау үшін терезеде, есік жақтауларында зақымданулар бар ма жоқ па міне соған егжей-тегжейлі сипаттама жүргізіледі.

Тергеушіге жедел топтың құрамына кіретін оперативтік қызмет- кер мен сот сарапшысы көмектесуі керек. Куәлардан жауап алу дереу жүзеге асырылады – егер кімде-кім қылмыскерді және заңсыз әрекеттерді

жасау сәттерін тікелей көрген болса, және ол күдіктіні танитын болса, онда бұл жедел топқа қылмысты жылдам ашуға мүмкіндік береді.

ДАНИЯЛ – Телехикаяларда айтылатындай – «ыстық іздермен» бе?

ТАЙЫР – Өмірде де, солай дейді. Жалпы, айқын қылмыстарды ашу оңай.

ДАНИЯЛ – «Айқын қылмыстар» дегеніміз не?

ТАЙЫР – Бұл, күәгерлердің, кейде, тіпті, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көз алдында болған қылмыстар. Мысалы, олар жәбір- ленушінің қолындағы сөмкені қастық ойлаушы адамның қалай жұлып алып қашқанын көріп қалуы мүмкін. Олар сол сәтте дереу қылмыскердің «қолын бұрап» ұстайды, содан кейін ғана қылмыс болған жерді тексеру ресми рөлге ие болады. Алайда, өкінішке орай, көп жағдайда бәрі «ай- қын» бола бермейді, айғақтар (дәлелдемелер) жинаудың маңызы зор.

Неге дейсіз бе? Өйткені, қылмыс іздерін бекіту қажет. Бұл (егер пәтердегі ұрлық туралы айтатын болсақ) саусақ іздері, биологиялық іздер. Бұның барлығы трасология үшін…

ДАНИЯЛ – «Трасология» дегеніміз не? Әңгіме қалалық магистраль- дар туралы емес шығар.

ТАЙЫР – Трасология – бұл қылмыскердің іздерін зерттейтін крими- налистиканың бөлімі, – «із» француз сөзінен – «жол» дегенді білдіреді.

ДАНИЯЛ – Түсінікті, ал трасология саусақ іздерінен басқа тағы нені зерттейді?

ТАЙЫР – Егер пәтерге заңсыз кіру туралы айтатын болсақ, онда бұл кіру механизмін анықтау. Мысалы, айталық, қылмыскер есікті бұ- зып кірді. Алайда, сотта мұны дәлелдеуге тура келеді. Сондықтан да, тек үй-жайларды ғана емес, есіктерді де тексеру қажет. Суретке түсіріп, құлпының өзегін алып, сот-медициналық сараптама тағайындайсыз. Мүмкін қылмыскер кейбір қылмыс құралдарын, жеке заттарын ұмытып кеткен немесе ұрланған заттардың бір бөлігін түсіріп алған шығар. Бұл кейінірек басты дәлел бола алады, әсіресе жұптасқан заттар туралы сөз болғанда.

ДАНИЯЛ – Яғни?..

ТАЙЫР – Қастық ойлаушы адам қылмыс орнында қолғаппен жүрді, алайда, кетіп бара жатып, қолғаптың бір жұбын байқаусызда түсіріп алды делік. Ал, тінту кезінде, қамауға алынған адамнан бір жұбы та- былды – сондықтан бұл қолғап негізгі дәлел бола алады.

ДАНИЯЛ – Немесе сырғаның бір жұбы.

ТАЙЫР – Бұл, негізінде, жәбірленушінің материалдық байлығының деңгейіне байланысты… Жәбірленуші туралы әңгіме қозғаған екенбіз, онда оқиға болған жерді қараған бойда одан жауап алу керек. Одан жаз- баша мәлімдеме алу керек.

ДАНИЯЛ – Ұрлық болғаны жайлы ма?

ТАЙЫР – Әрине, қандай мүлік, қандай мөлшерде ұрланғандығы ту- ралы. Оның «жалпы» белгілері, яғни не ұрланды – технология, зергер- лік бұйымдар, әле басқа да заттар ма?! Олардың әр түрлі сапалық және сандық белгілері туралы. Мүмкіндігінше, оның осы заттарды шынымен сатып алғанын және өтініште көрсеткен соманы шыныменде төлегенін растайтын биркалар, чектер. Бір сөзбен айтқанда, өзінің ұрлаған заттар- дың иесі екенін растайтын дәлелдер…

СТОМАТОЛОГ ШПАКТЫҢ ПАЙДАСЫЗ ҮМІТІ

ДАНИЯЛ – Бұл жерде бір сауалды қоймасқа амалым жоқ.

ТАЙЫР – Мені қызықтыра түстіңіз!

ДАНИЯЛ – «Иван Васильевич меняет профессию» комедиясын көр- ген боларсыз.

ТАЙЫР – Әрине, сонымен қатар, аталмыш фильм қойылған М.А. Булгаковтың осы аттас пьесасын оқыдым. Сондықтан болар, не жай- лы сұрағыңыз келетінін болжамдап отырған сияқтымын. Ал, құлағым Сізде.

ДАНИЯЛ – Әрине, Владимир Этуш керемет сомдап шыққан тіс дәрігері жайлы.

ТАЙЫР – Алдымен күртесі мен магнитофоны ғана ұрланды деп мәлімдеген адам жайлы ма, содан кейін ол күртенің саны екіге, содан кейін үшке «көбейеді» және магнитофонмен де дәл осылай?..

ДАНИЯЛ – Иә, әрине, осыдан мынадай сұрақ туындайды – жәбірле- нушілер өздеріне келтірілген зиян мөлшерін асыра бағалайтын жағдай- лар болып жата ма?

ТАЙЫР – Менің тәжірибемде жәбірленуші деп саналған адам, шын мәнінде, өзі ұры болып шыққан жағдай да болды. Өкінішке орай, тергеу біраз уақыт бойы соның жетегінде жүрді. Сондықтан, жәбірленушілердің мұндай әрекеттері тек комедияда ғана бола бермейді. Алайда, бұл жерде егер қылмыскер ұсталса және ұрланған мүлік табылса, кейінірек, қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін, мүліктердің жәбірленушіге қайтары- латындығын ескеру қажет. Фильмге оралатын болсақ, егер үшеу емес, шынында, бір күрте ұрланған болса, онда біреуі ғана табылатынын айта кету керек.

ДАНИЯЛ – Ал, егер қылмыскер тағы басқа біреулердің күртелерін ұрлаған болса ше?

ТАЙЫР – Дәл осы үшін жәбірленушінің мәлімдемесі бірден «алына- ды», онда ол өзінің заттарының түрі мен өндірушісі сияқты жеке сипат- тамаларын немесе, қазіргі кездегідей, маркасын, мөлшерін, материалын, тозу дәрежесін, сатып алынған жылын көрсету керек. Мүмкіндігінше қандай-да бір құрал-жабдыққа, мысалы, компьютерге және басқа да тех- никалық жабдықтарға құжаттама ұсыну маңызды.

ДАНИЯЛ – Сондықтан да, кейіннен оларды тауып, тану оңайға түседі!

ТАЙЫР – Содан кейін тергеуші арызданушыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіре отырып, жәбірленуші деп тану туралы қаулы шығарады. Егер мүліктік зиян келтірілсе, және, әдетте, осындай қылмы- стардың нәтижесінде мүліктік зиян сөзсіз келтірілсе, онда талап арыз да осы жәбірленушіден «алынады». Ол қылмыстық іс материалдарына қоса тіркеліп, жәбірленуші азаматтық талап қоюшы болып танылады. Осы сәттен бастап ол жәбірленуші екендігімен қатар тағы бір азаматтық мәртебеге ие болады. Ол енді сонымен бірге азаматтық талап қоюшы! Егер қылмыскерден ұрланған зат тәркіленсе, жәбірленуші сәйкестендіру үшін шақырылады. Оған заттарды тану ұсынылады…

ДАНИЯЛ – Сонда ол: «Ия, бұл менің ноутбугым, оны менен осын- дай күні ұрлап кетті!» – деп мәлімдейді.

ТАЙЫР – Шамамен солай. Ал егер жәбірленуші өзінің заттарын танып жатса, онда олар қауіпсіздік туралы түбіртекке қол қойғызылып, қайтарылады немесе сот заттай дәлелдемелер бойынша кейіннен шешім қабылдауы үшін қылмыстық іс материалдарында қалдырылады.

ДАНИЯЛ – Яғни, жәбірленушінің сөзіне ешкім бірден сенбейді ме?

ТАЙЫР – Осы санаттағы істер бойынша сотта қылмыстық іспен бірге азаматтық талап қоса қаралады. Сот үкім шығарумен бірге талапты қанағаттандыру немесе қараусыз, не қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылдайды .

ДАНИЯЛ – Яғни, тіпті кинематографиялық алаяқ Джордж Милославский ұсталса, тіс дәрігері Шпак оның мойнына қосымша күртелер мен магнитофондарды «іліп қоюы» мүмкін емес пе?..

ТАЙЫР – Бәрі де мүмкін… Алайда, ол өзі заң бұзушы қатарына қосылуы мүмкін, сондықтан жәбірленуші өзіне келтірілген материалдық залалдың мөлшерін асыра бағалау алдында жүз рет ойлануы керек.

ДАНИЯЛ – Егер мүлік сақтандырылса және бүлінсе ше? Немесе ол мүлдем ұрланбаған, бірақ жәбірленуші оны ұрланды деп қоса айтса ше?

ТАЙЫР – Егер бұл жағдайда сақтандыру компаниялары «араласса», онда Шпакқа мүмкін, мүлдем ештеңе болмайды. Олар «күртелер мен магнитофондар» сияқты, тіпті одан да құнды заттарды төлеуге мүдделі емес.

БЕЛГІСІЗДІ ТАБУ

ТАЙЫР – Қылмыскерлерді анықтау әдістеріне қайта оралайық. Күәгерлер жайлы айтып өттім, егер, әрине, олар болып жатса. Олардан жауап алынуы керек, сонымен бірге мүмкіндігінше дәлірек айғақтар. Айталық, біреу қылмыс болған кіреберістің жанында бір топ жастарды көрді. Олар сөмкелерімен шығып, мынандай түсті көлікке мінді делік. Егер, күәгерлер көліктің нөмірін естерінде сақтап қалса тіпті жақсы.

ДАНИЯЛ – Сонымен қоса, қылмыскерлер өздерінің құжаттарын түсіріп алулары мүмкін…

ТАЙЫР – Әзіл әзілмен, бірақ мұндай қателіктер де орын алып тұра- ды. Өкінішке орай, қылмыстың куәгерлері әрдайым бола бермейді.

ДАНИЯЛ – Қазіргі уақытта бақылау камералары көптеген жерлерде орналасқан.

ТАЙЫР – Бұл жерде де өз қиындықтары бар. Ешкімнің себепсіз бейнелерді алуға және көруге құқығы жоқ, детективті сериалдағыдай бәрі оңай емес. Бейне жазбаларды алу үшін, осы камералардың иесіне жүгіну керек.

ДАНИЯЛ – Олай әрекет жасамаған жағдайда, қорғаушы кейіннен бұл жазбаларға қарсы бола алады ма?

ТАЙЫР – Әрине.

ДАНИЯЛ – Сонымен қатар, телехикаяларда тергеу әдетте қылмы- скерді ұстау мақсатындағы қуғыннан кейін аяқталып жатады.

ТАЙЫР – Өкінішке орай, өмірде бәрі қарапайымдау. Осы қылмысты жасауға қатысқан адамдар және олардың орналасқан жері анықталған- нан, ал тергеушілерде осы қылмыстарды осы адамдар жасағандығы туралы нақты дәлелдер болғаннан кейін, барлық тиісті рәсімдер орын- далуы қажет.

Яғни, осы адамды ұстау туралы хаттама рәсімдеу, жеке тінту жүр- гізу, қалтасынан оның қатысы бар екенін дәлелдейтін заттай айғақтар алу, сондай-ақ бәріне мұқият хаттама жазу. Айталық, адам терезеден шығып бара жатып, сынған әйнекке бір жерін кесіп алды. Әйнекте қан іздері қалды, ал күдіктінің алақанында, шынтағында немесе бір жерінде кесілген жарақаттың ізі бар. Әрине, бұл жерде Сізге қан үлгілері мен әйнек сынықтарының сынамаларын алып, оларды зерттеуге жіберу керек – саусақ іздері, биологиялық, химиялық және т.б…

ДАНИЯЛ – Яғни, менің түсінуімше, тергеуші, былайша айтқанда, жалқаулыққа салынып істің басынан бастап «бәрі түсінікті» деп күтпеуі керек…

ТАЙЫР – Әрине, ол келешекте судьяның барлық тергеу әрекет- терінің толық заңдылығына және сәйкесінше сотталушының кінәсіне күмәнданбайтындығына бірден көз жеткізуге міндетті. Алдында кез кел- ген ұсақ затты өзінің клиентінің мүддесі үшін пайдалану міндеті тұрған қорғаушы мәні жағынан да, формасы жағынан да ешнәрсеге мін таға алмауы үшін… Яғни, дилетанттар қарапайым іс деп ойлайтын, ұрлық жағдайларында да көптеген нюанстар бар екенін көруге болады.

 

ДАНИЯЛ – Ал егер, бір адам бірнеше ұрлық жасаса, тергеу әрекет- терінің ерекшеліктері бола ма?

ТАЙЫР – Егер қастық ойлаушы адам ұрлықтар сериясын жасады деген күдік туындаса, онда олардың әрқайсысы жеке эпизод болып та- былады. Олар бір ғана ниетпен қамтылмайды, сондықтан да, әрқайсысы жоғарыда сипатталған схема бойынша жеке эпизод ретінде қарастыры- лады және қайталанған қылмыс болып саналады.

ДАНИЯЛ – Ал, қарақшылық пен тонауды тергеудің ерекшелігі неде?

ТАЙЫР – Өзіңіз білетіндей, мысалы, пәтер тонау үшін қылмы- скерге сіздің қатысуыңыз мүлдем қа- жет емес.

ДАНИЯЛ – Ия, әрине, ол керісін- ше, осы сәтте менің жоқтығымды, бір жерге барып, оның, былайша айтқанда, «сүйікті» кәсібіне араласпағанымды жөн көреді деп ойлаймын.

ТАЙЫР – Егер қалта ұрлығы ту- ралы айтатын болсақ, әсіресе сәт- ті болған, қылмыскердің әрекетін байқамай қалуыңыз мүмкін – ол бұл үшін қолынан келгеннің бәрін жа- сауға тырысады… Былайша айтқанда, сізді қажетсіз мазаламау үшін…

ДАНИЯЛ – Қандай сыпайылық десеңізші!

ТАЙЫР – Мысқылыңызды түсініп отырмын, бірақ бәрі де осылай. Негізінде, тонау немесе қарақшылық кезінде қылмыскер сыпайы бол- майды. Ол сіздің мүлкіңізді иемдену үшін физикалық күш, тіпті қару-жа- рақ қолданып, тек материалдық ғана емес, сонымен қатар физикалық зиян келтіруі мүмкін.

ДАНИЯЛ – Сондықтан да, бұл қылмыстар ұрлықпен салыстырғанда ауыр деп саналады ма?

ТАЙЫР – Алайда, бұл жерде тергеудің кейбір артықшылықтары бар. Негізінде, тонау немесе қарақшылық кезінде, әдетте, жәбірленуші шабуылдаушыны көреді…

ДАНИЯЛ – Бұл дегеніміз, ол оны танып, анықтай алады деген сөз бе?

ТАЙЫР – Иә! Трасология нәтижелеріне жәбірленушінің тікелей идентификациясы сияқты маңызды фактор қосылуы мүмкін. Әрине, тану да, одан кейінгі көзбе-көз кездесу де олардың нәтижелеріне кейін дау айтуға болмайтындай заңды тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуы керек.

ДАНИЯЛ – Жалпы, менің түсінуімше, мұндай жағдайларда да сотқа дейінгі тергеу оңай емес.

ТАЙЫР – Менің сөзме сеніңіз, бұл нағыз өнер!

ДАНИЯЛ – Ал сол «өнертанушылар» неге ерекше назар аударулары керек?

ТАЙЫР – Егер «өнертанушылар» деп тек тергеушілерді ғана емес, қорғаушыларды да айтып отырсаңыз – демек, дәлелдемелерге (айғақтарға)!

АЙҒАҚТАР: КЕРЕМЕТ ӨЗГЕРІСТЕР

ДАНИЯЛ – Неліктен айғақтарды мұқият құжаттандыру маңызды? Оларды алмастырулары мүмкін бе? Кім және қандай мақсатпен?

ТАЙЫР- Дәлелдерді кім және не үшін алмастырады дегенге сіздің де, менің де өз болжамдарымыз бар. Бірақ, оларды жай шатастырып алулары мүмкін екенін де мойындаймын. Немесе шығарып алу кезінде қате сипаттаулары және рәсімдеулері мүмкін. Алайда, егер олар алмасты- рылса немесе шатастырылса, бұл жазықсыз адамның сотталуына әкеліп соғады, ал дұрыс емес сипаттама күмән тудырады. Тергеуші қылмысты ашқан күннің өзінде де, «дұрыс емес» дәлелдемелердің пайда болуы, егер айыпталушының жақсы интуициясы бар қорғаушысы болса, бұл істің бұзылуына алып келеді.

ДАНИЯЛ – Мысалы?

ТАЙЫР – Айталық, айғақтардың ішінде 5 мың доллар пара беру мақсатында біреуге берілген конверт пайда болды. Актте конверттің мөр- ленгендігі туралы айтылған, ал тінту кезінде түсірілген бейнежазбада біз конверттің жабылмағанын көреміз. Бейне жазба мен хаттама арасында сәйкессіздік бар. Ал енді, мұнда қандай болжамдар жасауға болады?

ДАНИЯЛ – Кез келген болжам. Ақша көп болды, аз болды немесе мүлде ақша болмады, конвертті марсиандықтар тастап кетті…

ТАЙЫР – Кез келген жағдайда, мұндай сәйкессіздік орынды күмән тудырады. Міне, Сіз үшін бұдан да керемет мысал: менде күдікті бір жарым жыл түрмеде отырған қылмыстық іс болды. Басты айғақ – оның айтуы бойынша, оған ешқандай қатысы жоқ кәсіпорындардың мөрлері. Алайда, пакеттегі бұл мөрлер оның кеңсесінен табылған. Сонымен, кли- ентімді тінту кезінде жүргізілген уақытта дәл сондай тінту басқа жерде де жүргізілген бейнежазбаны алдық. Онда да тінту жүргізілген және бейнежазбада біреу бұл пакетті алып жатқандығы анық көрінеді. Күт- пеген жерден бірнеше минуттан кейін ол қандай-да бір ғажайып түрде менің клиентімнің кеңсесінен табылады, мен айтып өткендей, табылған мөрлер негізгі дәлел ретінде алынған!

ДАНИЯЛ – Телекинез болған болуы керек!

ТАЙЫР – Оларда не болғанын білмеймін! Алайда, бұл керемет фо- кустар сыртқа шыққан кезде не болғанын білемін. Өкінішке орай, бізде іс жүзінде ешқандай ақтау үкімі болмағандықтан, іс қосымша тергеуге қайтарылды және сол жерде ол толықтай «көмілді».

ДАНИЯЛ – Ең маңыздысы, адам бостандыққа шықты!

ҒАЖАЙЫП ӨЗГЕРІСТЕР ЖАЛҒАСУДА:

ТҮСІНДЕ ЖӘНЕ ӨҢІНДЕ

ДАНИЯЛ – Қорғаушының ішкі түйсігі болады деп, не туралы ай- тқыңыз келді?

ТАЙЫР – Айтпақшы, мен қорғаушыларға ғана тән ерекше түйсік бар деп айтпадым ба? Түйсік – кез келген адамның психикасына тән қасиет. Алайда, әрине, әр мамандықтың адамдары үшін бұл белгілі бір формаға ие болады.

ДАНИЯЛ – Сонымен, қорғаушыларда қандай формада болады?

ТАЙЫР – Енді, тыңдаңыз. Он бес жыл бұрын контрабанда бойынша қылмыстық іс тергелді. Ол кезде, өзімнің тәлімгерім деп санайтын кере- мет маман, Иван Иванович Кравцовпен бірге жұмыс істедік. Іс бойын- ша бір топ адам тартылды. Біреулері Түркиядан зергерлік бұйымдарды әкелсе, басқалары оны «жауып» отырған. Өте қиын іс болды. Шенеунік- тер мен кәсіпкерлер қамауға алынды. Біздің клиенттер үшін жағдай өте қиын, үмітсіз болды.

ДАНИЯЛ – Олар кінәлі болды ма?

ТАЙЫР – Барлығы соған нұсқап тұрды. Алайда, біз, заңгер ретін- де, клиенттерімізге көмектесетін кез келген заңды құралдарды іздеуіміз керек. Сонымен, бір күні таңертең Кравцов екеуміз тергеу қызметкер- лерінің әрекеттеріне шағымданып, прокурормен кездесуге келдік. Бұл

шағым, шешуші болмаса да, клиенттерімізге көмектесе алады. Кездесу кезінде менің әріптесім кенеттен күту залының бұрышында тізерлеп отырып қағаздарды жайып жіберіп, бірдеңе жаза бастайды. Әрине, ол не істеп отыр деп қызығушылық таныттым. Ал, ол біз беретін арызды толығымен қайтадан жазып отыр екен.

ДАНИЯЛ – Неге?

ТАЙЫР – . ..Менің сұрақтарыма, түнде түс көрдім, оған сәйкес қорғаныс тактикасын толығымен қайта қарауымыз керек деп жауап берді.

ТАЙЫР – Ал, Сіз аян беретін түстерге сенбейсіз бе?

ДАНИЯЛ – Түс?

Затшай

дәлелд емелерд і mekcepi+jig

ХР

ДАНИЯЛ – Сене бермеймін.

ТАЙЫР – Сізге бір құпияны ашайын: менде сене бермеймін. Енді, сізге сұрақ – И.Д.Менделеев өзінің химиялық элементтердің периодтық жүйесін түсінде көрді деген аңызға сенесіз бе?

ДАНИЯЛ – Менің ойымша, ол бұл туралы жиі ойланған, шамалаған – ал, сайып келгенде, кенеттен ойына келген. Ал бұл өңінде ме, түсінде ме оны енді психоаналитиктер анықтасын.

ТАЙЫР – Заңгерлермен де, суретшілермен де, яғни өз жұмысына шығармашылықпен қарайтын кез келген кәсіпқойлармен де осылай бо- лып тұрады деп ойламайсыз ба?

ДАНИЯЛ – Түсінемін. Сіз дәл осыны түйсік деп атайсыз ба?

ТАЙЫР- Иә. Нағыз маман өзінің ісі туралы тек тоғыздан алтыға дей- ін ғана емес, үнемі ойланады. Шешім де күтпеген жерден келуі мүмкін.

ДАНИЯЛ – Дегемен, сіздікі дұрыс. Сонымен, түсіне не кіріпті? Ол клиенттеріңіздің пайдасына шешілетін қандай да бір жағдайларды іздеді емес пе?!

ТАЙЫР – Оның ойына айғақты заттарды, яғни хаттама бойынша тәркіленген зергерлік бұйымдарды кейіннен сараптамаға жіберілген- дермен салыстыру келген.

ДАНИЯЛ – Нәтижесінде?..

ТАЙЫР – Сенсеңізде, сенбесеңізде бұл шындық, тәркілеу актісінде контрабандалық зергерлік бұйымдардың екі жүзден астам түрі сипат- талған болып шықты. Ал, сараптауға мүлдем басқа заттар ұсынылған!

ДАНИЯЛ – Таң қарарлық жәйт!

ТАЙЫР – Иә… Бәрі де айқын, бірақ ойға симайды!

ДАНИЯЛ – Мүмкін бұл тергеу механизмінің бір жерінде, біреудің сиқырлы таяқшасының көмегімен қолдан жасалған ғажайып шығар?

ТАЙЫР – Білмеймін, демек, ешқандай болжам жасай алмаймын және ешкімді де кінәламаймын. Қалай болсада, менің досымның түсі қолайлы болды. Айғақтық заттардың да жоқ екені белгілі болды. Тиісін- ше, біздің клиентке есептелінген сома ештеңеге негізделмейді. Ал адам қамауда отыр.

ДАНИЯЛ – Сонымен, іс немен аяқталды?

ТАЙЫР – Іс қайтарумен аяқталды. Сол кезеңде істі «қайта қаралуға» жіберу деген үрдіс болған. Содан кейін ол негіздердің болмауына байла- нысты тоқтатылды. Айыптаушы тараптың істі жалғастыруға мүмкіндігі болмады.

Рейтинг@Mail.ru